26
февраль
2020
Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету
2020 жылы Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен оқушыларды мектеп асханасынан тегін және жеңілдетілген ыстық тамақпен қамту мақсатында 5-8 қаңтар аралығында құжат жинау жұмыстары жүргізілді. Құжаттар жинау тәртібі Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығына 6 қосымша "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына сәйкес №21 орта мектеп биылғы оқу жылында тегін тамақ ішетін оқушылардың санатына жататын оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары талапқа сай ұйымдастырылған. Жыл басында оқушыларды жекелеген санаттарына қарай бөлініп әлеуметтік статустар бойынша отбасылардың тізімі жасалынды. 2019-2020 оқу жылына жекелеген санаттары бойынша тегін және жеңілдетілген тамақтандырумен білім алушылар мен тәрбиеленушілерден ЖБББ қоры есебінен 31 оқушы (бір реттік ыстық тамақ құны 300 теңге) тегін ыстық тамақпен қамтылған. 10 оқушы арендатор есебінен тамақтанады. Мектепте мектеп асханасы жұмыс жасайды. Асхана арендаторы - Ж.Камзина. Мектеп әкімшілігі тарапынан асхана жұмысын тексеру комиссиясы құрылған. Асханада ас мәзірі мен оқушылардың тамақтану кестесі, сынып жетекшілердің кезекшілік кестесі бар.